Accessibility links

Шешесі шотландық, әкесі ирақ - жазушы Бетул Хедайри Шығыс пен Батыстың құндылықтары туралы кітап жазған


Шығыстағы шиеленіс пен Батыстың құндылықтары туралы жазушы Бетул Хедайридің әкесі ирақ, шешесі шотландық. Ирақ әдебиетіндегі күшті жаңа толқын ретінде бағаланған оның Ирақтағы өмір жайлы кітабы арабша жазылған. Басқа тілдерге аударылған оның кітабы тез тарап жатыр.

Бетул Хедайриді кездестірген адам алғашқыда оның ирақша сөйлейтінін немесе британдық жазушы екенін білмей қалады. Себебі, 39 жасар Хедайри Амманда тұрады, шотландық мәнерде таза ағылшын тілінде сөйлейді. Әзірге ол араб тілінде жазады. Ол өзінің екі жақ Шығыс пен Батыстың толыққанды бөлігі екенін айтады.

Мен арабша жазамын. Мен арабша ойлап сезінем. Арабша армандаймын. Бірақ, егер менде бір проблемалар туып, мәселеге бетпе-бет келу қажет болса, әдетте мен өзімнің еуропалық жағыма шығам , - дейді ол.

Хедайри өзінің өмірін таңғажайып жағдайға айналдырған тартымды әйел. Өмірінің көп белестері мен балалық шағы туралы кеңінен айтылған оның бірінші новелласы 1999 жылы жарық көрген. “Аспан сондай жақын” деп аталатын оның бұл кітабы ағылшын мен италиян тілін қоса санағанда 5 тілге аударылған. Онда 1960-70-80 жылдары Бағдадта өскен жас қыздың өмірі баяндалады.

Бұл шынымен де Бағдадта нағыз ағылшын шешесі мен ирақ әкесімен бірге тұрып жатқан кішкентай Ирақ қызы туралы. Олардың діни және әдет-ғұрып, әрі мәдениетіндегі айырмашылықтар, тіпті тамақ ішу тәртіптеріндегі қайшылықтардың бәрі олардың үйінде проблеманың тууына себеп болған. Және ондағы барлық мәселенің қасында осы кішкентай қыз болады. Кітаптың тең жартысындағы оқиға Бағдадта, басқа бөлігі Англияда өтеді. Демек, Бағдадта ол шетелдік әйелдің қызы, ал Англияда ол араб қызы - деп түсіндіреді Хедайри.

“Аспан сондай жақын” кітабы Хедайриді Таяу шығысқа, Еуропа мен Құрама штаттарға танымал етті. Құрама штаттардың әдебиет сыншысы күнделікті шығатын “The New York Times” басылымында, бұл кітапты алғашқы нәрлі новелла, толыққанды әрі әсерлі деп атаған.

“Аспан сондай жақын” кітабы жарыққа шыққаннан кейін, көптеген жазушылар бірінші кітаптарында өздерінің балалық шағы туралы суреттей бастаған. іХедайри сосын тағы да Ирақ туралы, қазіргі өмірі жайында жазғысы келді, сол кезде 2000 жылдар басында БҰҰ-ы Бағдадтың жаппай қырып жою қаруы бар деп, Ираққа санкция салған болатын. Сондықтан ол, мұндай өмір ағысында ирақтықтар кітап оқуға құлшынбайды деп ойлағанын айтады.

Мен Ирақ туралы жазғым келді, бірақ ондағы жағдай сондай ауыр болған соң, мен ешкім де кітап оқығысы келмейтінін сездім. Сондықтан, мен оны комедиялық жанрда жазуға тырыстым, сөйтіп мен ауыр комедия жаздым. Мен барлық оқиғалар өтіп жатқан бір ғимаратты таңдап, оның әрбір қабатында ирақтың қоғамдық деңгейі көрініс беріп жатты. Ираққа салынған санкциялар, соғыс, диктатура бәрі осы кезеңде оларға моральдық жағынан соққы болды - дейді Хедайри.

Оның “Келмеген біреу” атты кітабы 6 ай бұрын араб тілінде шыққан. Бірақ ондағы оқиға Батыс пен Шығыстың арасын ғана қамтыған жас қыздың өмірі жайлы ғана емес, күллі қоғам жайында айтылады. Ирақтағы осы ауыр кезеңде, Сізді бұл жерде ұстап тұрған не болды деген сауалға, Хедайри өзіне оқырмандарының хаты қолдау болғанын айтады. Мен Тайландтағы оқырманымнан хат алғанда қатты қуандым. Мен сіздің Ирақ туралы кітабыңызды тауып алып оқып шықтым деген студент, өзіне кітапта жазылған жағдайлар қатты әсер еткенін айтқан - дейді Ирақ жазушысы Бетул Хедайри.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG