Accessibility links

НАТО-ның әскери теңіз күштеріне Жерорта теңізіндегі күдікті кемелерді тексеруге көмек беруге Ресей келісім берді


НАТО-ның әскери теңіз күштеріне Жерорта теңізіндегі күдікті кемелерді тексеруге көмек беруге Ресей келісім берді. Ресейдің 2 әскери кемесі АҚШ-қа 2001 жылдың 11 қыркүйегінде жасалған шабуылдан кейін Жерорта теңізінде НАТО күштері бақылау орнатқан күштеріне қосылуға тиіс. Ол күштер Солтүстік Африка, Таяу Шығыс және еуропа арасывнда лаңкестердің емін-еркін жүруі мен қару-жарақтың транзитіне тосқауыл қою үшін жасақталды. Әлгіндей келісім НАТО-ға мүше елдердің қорғаныс министрлерінің Румыниядағы бас қосуында қол жетті.
XS
SM
MD
LG