Accessibility links

Жапонияда 50 қаржылай демеуші ел өкілдерінің қатысуымен Ирақ мәселесі бойынша Халықаралық конференция жалғасуда


Жапония астанасында 50 қаржылай демеуші ел өкілдерінің қатысуымен Ирақ мәселесі бойынша Халықаралық конференция жалғасуда. Конференцияның бүгін өтіп жатқан жабық сессиясы БҰҰ-ы мен Дүниежүзілік банктің жанынан құрылған арнайы қорлардың жұмысын тиімді ету проблемасына арналмақшы. Екінші бір маңызды проблема – Ирақты қалпына келтіруге бөлінген қаржы-қаражаттың талан-таражға салынуына жол бермеу мәселесі. Кеше Ирақтың уақытша вице-премьері Барһам Салих форумға қатысушы елдерді Ираққа берген уәдесінде тұрып, 14 млрд. доллар қаржыны жинап беруге шақырды. Осы күні ол қаражаттың бар-жоғы бірнеше жүз млн.-ы ғана түсіпті.
XS
SM
MD
LG