Accessibility links

Пәкістанның қауіпсіздік күштері бүгін кепілдікте тұтқында отырған қытайлық 2 инженерді Оңтүстік Вазиристан өлкесіндегі бір үйге шабуыл жасап босатып, біреуі экстремистердің оғынан қаза болды


Пәкістанның қауіпсіздік күштері бүгін кепілдікте тұтқында отырған қытайлық 2 инженерді босату үшін елдің Ауғанстан шекарасына жақын Оңтүстік Вазиристан өлкесіндегі бір үйге шабуыл жасап, қытайлықтардың бірі қаза тапты, екіншісі босатылды. Пәкістанның ақпарат министрі Шейх Рашид Ахмадтың мәлімдеуінше, қақтығыс кезінде қытайлықтарды ұрлап алып кеткен 5 бопсалаушы түгел оққа ұшқан. Бірақ олар қытайлықтардың біріне оқ атып үлгерген, кейінірек ол алған ауыр жарасынан көз жұмған.
XS
SM
MD
LG