Accessibility links

Израил Газа секторындағы науқанды азайтамыз деді


Израил ресми өкілдері Газа секторындағы әскери науқанды азайтамыз деп мәлімдеп жатыр. Израил жеріне палестиндік зымырандардың атылуын тоқтатамыз деген науқанға 16 күн болды, осы кезеңде 100 ден аса палестиндік қаза тапты. Израил қорғаныс министрінің орынбасары Зеев Бойм Джабалия босқындар ауылындағы әскерімізді азайтымыз, бірақ науқан жалғаса береді деді. Джабалия тұрғындары болса бүгін тәңертен кері қайтып жатқан әскерді көрмедік дейді. Палестиндік дәрігерлер айтқандай, бүгін израил ұшағынан зымыран атылып, "Әл Ақса мұхаджірлер бригадасы" тобының екі жауынгері қаза тапты.
XS
SM
MD
LG