Accessibility links

Бүгін таңертең АҚШ-тың Флорида штатында Америка президенті мен Конгресс мүшелерінің сайлауы басталады.


МАЙАМИ: Бүгін таңертең АҚШ-тың Флорида штатында Америка президенті мен Конгресс мүшелерінің сайлауы басталады. Флорида штатының заңы 2 қарашада өтетін сайлауға 15 күн ерте дауыс беруге мүмкіндік береді. Оңтүстік-шығыс штатта жеңіске жету қазіргі президент Дж.Буш пен оның Демократиялық партиядан ұсынылған басты бақталасы сенатор Дж.Керри үшін аса маңызды. Дж.Буш штатта сенбі күні, ал Дж.Керри жексенбі күні болып, сайлаушыларды дауыс беруге шақырды. ДЖ.КЕРРИ: “Сіздер АҚШ президенті үшін ғана емес, сіздер – еркін дүниенің лидері үшін дауыс бергелі жатырсыздар! Демек, бүкіл әлем – біздің өз құндылықтарына қайта оралғанымызды көруге асығып отыр”, -деп атап көрсетті Дж.Керри.
XS
SM
MD
LG