Accessibility links

Беларуссияда кеше болып өткен референдумда сайлаушылардың 80 пайыздан астамы А.Лукашенкоға президенттік лауазымға үшінші рет түсуіне мүмкіндік беруді қолдап дауыс берген.


МИНСК: Беларуссияда, алғашқы ресми мәлімет бойынша, кеше болып өткен референдумда сайлаушылардың 77 пайыздан астамы Александр Лукашенкоға президенттік лауазымға үшінші рет түсуіне мүмкіндік беруді қолдап дауыс берген. Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, дауыс беруге сайлаушылардың 90 пайызы қатысқан. Ресми биліктің мәлімдеуінше, дауыс беру барысында болған заңсыздықтар туралы ешбір арыз-шағым түспеген. Беларусь оппозициясы елдегі сайлау заңының жаппай бұзылғанын хабарлап отыр.
XS
SM
MD
LG