Осы әскери топ өкілінің айтуынша Шейх Халед Хамоуд әл- Жұмайли жұма күні қамауға алынған екен. Ройтер тілшісіне берген сұхбатында ол келіссөздердің әлі шегеріліп тұрғандығын айтты. Сондай-ақ, Бағдатта болған көлік жарылысынан ирақтық төрт полиция қызметкері қаза болып, 20-сы жараланған. Кешеден бері Бағдат және Мосул қалаларында қаза болған ирақтықтар саны 14-ке жеткен екен.