Accessibility links

Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталыққа тұңғыш рет жынысын өзгертекші болған Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны құқығым аяқ асты болды деп шағымданған.


Белгілі себептермен есімі айтылмай отырған Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны дүниеге қыз болып келгенімен өз денесінің еркек табиғатына жақын екендігін сезінеді. Дәрігерлерге барып, жынысын ауыстырмақшы болғанда оған, мұндай операция жасаудық қажеті шамалы екендігі түсінідіріледі. Бірақ, ол бұл пікірмен келіспей өз құқығын дәлелдеуге тырысып, адам құқықтары жөніндегі орталыққа шағымданады.

Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың бөлім меңгерушісі Талғат Берекетов бұл жөнінде былай деді:

-Денсаулық міністрлігінен сұраған қыз бала жынысын өзгерту үшін. Ол өзін мен еркек адамдай сезінемін деген. Төл құжатын өзгертпекші болады. Бірақ, мәселе осы күнге дейін шешілмей келген.

Дәрігер Тимур Шакировтың еңбегіндегі мәліметке сәйкес, ер адамды әйелге айналдыратын операция жеңілрек. Ал әйел адамды ер адам қылу үшін бірнеше кезең қажет. Жасанды жыныстық органдарға қажет силикон Қазақстанға шет елден жеткізіледі. Оның құны 900-бен 4500 доллар аралығында. Америка құрама штаттарында жынысты ауыстыру операцияларының ең арзаны 30 мың доллар тұрады. Бірақ, біздің кейіпкеріміз операцияға кететін шығынға қарамастан, қайткен күндеде жынысын ауыстыруға бел буады. Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың бөлім меңгерушісі Талғат Берекетов айтып өткендей, мұндай операция жасауға Қазақстанда заңмен тиым салынбаған.

-Біз адам құқы болғандықтан, ол мәселемен де айналысуға тура келді. Заңды көріп шықтық. Бұл мәселе жөніндегі халықаралық келісім шарттарды көріп шықтық. Денсаулық сақтау және ішкі істер міністрлігімен істестік. Сөйтіп, ол адам атын, жынысын өзгертуге қол жеткізді.

Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, мұндай операция жасау үшін, жынысын ауыстырмақшы болған адамның туыстарының оған операциядан кейін көмек көрсетуге дайынбыз деген келісімі қажет. Екіншіден, жыныс ауыстыру қажеттігін кем дегенде екі білікті маман құптауы тиіс. Егер, операция жасамақшы болған адам жүйке ауруына шалдыққан болса немесе миынан зақым алған болса, операция жасалмайды. Батыс елдерінде мұндай операциялар таңсық болмағанмен, Қазақстанда бұл құбылыс сирек кездеседі. Астана тұрғындарының жыныс өзгерту мәселесіне қатысты пікірлері әр түрлі:

-Менің оған қарсылығым жоқ. Өздері біледі. -Әйел адам, әйел болып қалу керек. Ер адам, еркек болып қалу керек. -Мен түсінемін бәрін, ол орынды құбылыс. Оған анадай деп, мынандай деп, айтып керек жоқ. Ол алланың берген жаратылысынан болған шаруа. Оған, кез келген адам көнеді. Күндердің күнінде мен де сөйтіп кетсем?

Медициналық ғылымдардың докторы Марат Мақажановтың еңбегіндегі мәліметке сәйкес, мұндай операция жасау үшін, денсаулық сақтау міністрлігінде комиссия құрылып, алдымен жынысын өзгертпекші болған адаммен сұқбаттар жүргізіледі. Психиатрлар оны операциядан бас тартуға шақырады. Егер, пациент барлық анализдерден өтсе, ол алдымен төл құжатын ауыстыруға тиіс екен. Қазақстанда мұндай операцияның біреуі 3-5 сағатқа созылады және ондай бірнеше операция жасалуға тиіс. Бірақ, ең жаманы дейді дәрігер, жыныстарын өзгерткен адамдарда бәрібір бұрыңғы гармондары сақталады және ең бастысы ұрпақтарын жалғастыра алмайды. Сондықтан, мұндай операцияларға діни конфессияларда қарсы. Астанадағы мешіттің бас имамының бірінші орынбасары Мәмлүк Мұсаев бұл жөнінде былай деді:

-Алла біреуін еркек, біреуін әйел қылып жаратты. Егер, олар жыныстарын өзгертеміз десе, онда ол аллаға қарсы шыққанменен бірдей. Егерде, ол жынысын ауыстырса, яғни, оның есі дұрыс емес. Адамдардың алдында да, құдайдың алдында да кешірілмейтін үлкен күнә бұл.

Медициналық еңбектерде жынысын ауыстырмақшы болып, дәрігерлерге келетін адамдар екі категорияға бөлінеді, біріншісі, анасының құрсағында жатқан кезде физиологиялық өзгерістермен дүниеге келетін транссексуалдар. Екіншісі, табиғат бұйрығымен екі жыныстың да сипаттарымен туғандар. Астанадағы мешіттің бас имамның бірінші орынбасары Мәмлүк Мұсаевтың көзқарасы да бұл жағдайда өзгеріп отыр:

-Хунаса дегеніміз, екі жынысы бар адам. Ол ер болсын, әйел болсын оның ұрпағы болмайды. Бірақ, алла солай жаратса, оның кінәсі жоқ. Бұл жерде бір жағына шығу керек.

Алматыдағы ғылыми урология орталығында соңғы 5 жылда 10 шақты операция жасалған. Ол кезде, операциялар тегін жүргізілетін. Мамандардың бағалауынша, әлемде әр бір 100 мың адамның ішінде тек бір адам трансгендер болып дүниеге келеді. Қазақстанда медициналық сақтандыру жүргізетін компаниялар мұндай операцияларды косметикалық деп бағалап, оларды қаржыландырудан бас тартатын көрінеді.
XS
SM
MD
LG