Бүгін НАТО-ның Бас хатшысы Яаап де Хооп Схеффер, Орта Азия елдеріне сапарының бағдарламасына сәйкес, Тәжікстанда жүр. Кеше Душанбеде Тәжікстанның ресми өкілдерімен келіссөзінде ол халықаралық қауіпсіздік күштерінің Орта Азия арқылы Ауғанстанға өту мәселесін талдап, бір келісімге қол қойды.
Я.С.: “Біз “транзит мәселесі” деп аталатын келісімге қол қойдық. Оған сәйкес, Тәжікстан Ауғанстандағы халықаралық қауіпсіздік күштеріне қатысты НАТО-ның іс-қимылын қолдайды. Мен “Бейбітшілік жолындағы әріптестік” бағдарламасындағы НАТО-ның сыйлы әріптесі болып табылатын Тәжікстан НАТО-мен арадағы ынтымақтастығында бұдан былайда осы келісімді басшылыққа алады деп сенемін”.
НАТО-ның Бас хатшысы Яаап де Хооп Схеффер, Орта Азия елдеріне сапарының бағдарламасына сәйкес, Тәжікстанда жүр
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Баспанасыздарға байқалмаған "Тұрғын үй – 91"
-
Тель-Авив пен Тегеран текетіресі
Иранға соғыс, Ливанға гуманитарлық апат төніп тұр. Таяу Шығыста не болып жатыр?