Accessibility links

АҚШтағы президенттік сайлау: Сайлаушылар кеңесі даулы мәселені қайта қарауды талап етуі мүмкін


Қарашаның 2і күні американдықтар қазіргі президент Джордж Буш немесе сенатор Джон Керри үшін дауыс беріп, жаңа президентті таңдайды. Бірақ сайлау өткеннен соң шашамен бір ай бойы Сайлаушылар кеңесі сайлаудың негізгі қорытынды нәтижелерін анықтаумен болады. Әдетте бұл кеңестің соңғы сөзі шешімді болуы мүмкін. Бірақ АҚШ тарихында 3 рет : 19-ғасырда екі рет, және 2000-жылы жалпы көбірек дауыс алған үміткер президент болып сайланбай қалған. АҚШтағы 2000-жылғы президенттік сайлауда демократтар өкілі, бұрыңғы президент орынбасары Ал Гор өз бәсекелесі Джордж Буштан жарты млндай көп дауыс алса да кіші Буш президент болып сайланды. Себебі, Буш сайлаушы кеңесінің көбірек дауысына ие болған еді. Ал АҚШ Ата заңына орай жеке жалпы дауыстан көре сайлаушылар кеңесінің дауысы маңыздылау.

Ал енді бұл АҚШтағы сайлау кезіндегі өзге елдерден ерекше жағдай. Сонда АҚШ мұндай жүйені не үшін қолданады?

Като институтындағы конституциялық зерттеу орталығының директоры Роджер Пилонның айтуынша, бұл жүйе осыдан 200 жыл бұрын дүниеге келген екен. Алғашқы американдықтар монархиялық билеу жүйесіне қарсы болғанымен, бүкіл басқаруды демократиялық жолмен жалпы халыққа беріп қоюды да қаламапты.

2-ден, олар БАҚдары жоқ кезде олардың болашақ президент жөнінде жақсы білгендігін де қалапты. Пилонның айтуынша, бұл екі себеп өз мәнін жоғатқанымен, ол кездегі үкіметтік форма сақталып қалыпты. Олар орталық үкіметті қажет еткенімен, бүкіл биліктің берілуін қаламаған. Сондықтан федералдық жүйе жасалып, Ата заңға сәйкес, әр штат егемен аутономиялы құққа ие болған.

-Штаттар федералдық үкіметтің істеріне де араласып отырған. Сондықтан бізде мемлекеттік басқару жүйесімен қатар федералдық үкіметтік басқару жүйесі де бар, - дейді Като зерттеу орталығының директоры.

Ал енді, қарашаның 2ісіндегі сайлау жағдайы қандай болмақ?

Быйылғы сайлауда әрбір штаттағы сайлаушы Буш немесе Керриге дауыс бере отырып штаттағы сайлаушылар кеңесіне де таңдауларын білдіреді. Қалған шешімді кеңес шығарады.

2004-жылғы сайлауда 50 штат бойынша жалпы 543 сайлаушы кеңесі құрылады. Әдетте жалпы халықтық даустың көбін алған үміткер жеңеді. 2 штат - Мейни мен Небраскада сайлаушы кеңесімен жалпы халықтық дауыс өзара есептеледі. Оған быйыл Колорадо штаты да қосылуы мүмкін.

Президент болып сайлану үшін үміткер штаттардағы сайлаушылар кеңесінің көпшілік даусына ие болуы қажет, немесе 543 штаттық сайлаушыдан кемінде 272сіне ие болуы керек.

Талдаушылардың пікірінше, негізінен ол жүйе дұрыс істеп келген. Бірақ 2000-жылғы даулы жағдай ол жүйені өзгертіп, президентті азаматтардың жалпы жеке даусымен тікелей сайлау қажет деген талаптарға да алып келіп отыр.

Като институтынан Роджер Пилонның пікірінше, ондай жүйені қалайтындар жаңылысады. Ол жылы Флорида штатында Ал Гор жарты млндай дауыс көп алғанымен бір айдан кейін, дауыстарды қайта санауды тоқтатып, АҚШ Жоғарығы сотының шешімі нәтижесінде Дж.Буш президент деп жарияланған еді.

Ал Кортландтағы Нью Йорк университетінің профессоры Роберт Спицердің айтуынша, АҚШтағы президенттік сайлау жүйесін қайта қараған жөн. Оның пікірінше, ымыраға келіп көпшілік дауыс алған үміткерге сый ретінде сайлаушы кеңесінен 5 пайыз дауыс алып беру қажет.

– Меніңше, көпшілік жалпы дауыстың пайдасы бар, себебі біз бір халықпыз. Сайлау әр штатта өтеді. Бірақ біз осыдан 200 жыл бұрыңғы халық емеспіз ғой. Бүкіл мемлекетте көп дауыс алған үміткердің артықшылығы болуы керек емес пе, - дейді профессор Спицер.

Спицердің айтуынша, екі партиялық жүйені сақтап қалу үшін Сайлаушы кеңесінен бас тартпаған жөн.

-Біз Италия, Франция немесе өзге елдердегідей көп партиялы ел емеспіз, - дейді профессор.

Спицердің айтуынша, 200 жыл бұрын ол Сайлаушылар кеңесі лайықты үкіметтік басқару формасы үшін қажет болған. Бірақ енді ол қазіргі перзиденттік сайлау жүйесіне толық сәйкес келе бермейді, сондықтан бірер өзгеріс енгізген жөн болар, дейді, Кортландтағы Нью-Йорк университетінің профессоры.
XS
SM
MD
LG