Accessibility links

Тоқтар Әубәкіров ізбасарларының қатары толығатын болды


Қазанның 20 күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ғарышкерлікке үміткер Мұхтар Аймаханов, Айдын Аимбетов және Ресейдің Юрий Гагарин атындағы ғарышкерлерді даярлайтын мемлекеттік ғылыми-зерттеу орталығының өкілі Юрий Лончаковты қабылдады. Бірнеше мың үміткердің арасынан озып шыққан бұл азаматтар жалпы ғарыштық дайындықтан өтіп, келер жылдың мамыр айында мемлекеттік емтихан тапсырады. Сынақтан сүрінбей өтсе, 1,5 -2 жылдан кейін ғарышқа ұшуға дайын болады.

Қазанның 20 күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ғарышкерлікке үміткер азаматтардың дайындығы қалай жүріп жатқанын білді. Ғарышкерлікке үміткер Мұхтар Аймаханов дайындық барысында қиындық көріп отырған жоқпыз, әлеуметтік жағдайымыз жақсы дегенді айтты.

Мұхтар Аймаханов , ғарышкерлікке үміткер:

-

Көніл-күіміз өте жақсы. Аэроғарыштық комитет жағдайдың барлығын жасап қойған. Президент бізден қандай қиындық бар, қандай көмек керек деп сұрады. Бізде барлығы жақсы, біз тек оқу оқуымыз керек.

Сонымен қатар, Қазақстан жетекшісі Нұрсұлтан Назарбаевты Ресей мен Қазақстанның ғарыш саласындағы ынтымақтастық денгейі толғандырған. Президенттің бұл сұрағына Ресейдің Юрий Гагарин атындағы ғарышкерлерді даярлайтын ғылыми-зерттеу орталығының өкілі Юрий Лончаков жауап берген. Үстіміздігі жылы қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшқанына 13 жыл толды. 13 жыл бұрын журналист Талғат Сүйінбай қазақтың тұңғыш ғарышкері туралы кітап жазуға кіріскен, қазанның 13 күні бұл кітап жарыққа шықты.

Талғат Сүйінбай, журналист:

-Тоқтар ағамыз негізінен, МИ-29К деген кемені сынаған, сол себептен мен алдымен, осы ұшақты зерттедім. Білім жинағаннан кейін Тоқтар ағамен сөйлестік, ол кісіге менің көп ақпаратты білетінім ұнаған көрінеді. Соңынан ол кісі сырын аша бастады.

Қазақтың тұңғыш ғарышкері туралы кітап жазған Талғат Сүінбайдың айтуынша, Тоқтар Әубәкіровтың мінезі ерекше адам. Бұл ойды «Ақ жол» газетінің редакторы, журналист Нұртөре Жүсіпте қолдап отыр.

Нұртөре Жүсіп, журналист:

-Ақ жүректі адам, батыр адам аңғал болады, дейді ғой. Тоқтар ағаның жандүниесі балаша пәк адам деуге болады. Егер бұл уақытқа дейін Тоқтар Әубәкіров ұшқыш ретінде танымал болса, үстіміздегі жылы ол кісі парламент сайлауына қатысып, депутат болып сайланды. Енді ол кісі саяси қырынан танымал болады. Алайда, мен қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында, жалпы қоғамдық пікірде біздің тұңғыш ғарышкер ретінде Тоқтар Әубәкіровтың аты көп атала бермейтінін байқаймын. Оның себебіне келер болсақ, Тоқтар Әубәкіров саясатқа араласатын адам болса, оның саяси тұлға ретінде беделі арта түседі. Бұл өз кезегінде, қазіргі билікке қолайлы дүние , деп есептеуге болмайды.

Нүртөре Жүсіптің пайымдауынша, қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров болғанымен, ресми Астана тұңғыш ғарышкер ретінде Талғат Мұсабаевты көрсеткісі келеді. Ресей азаматы Талғат Мұсабаевты Ресей үкіметіде назардан тыс қалдырып отырған жоқ. Бұл орайда біз ғарышкерлікке үміткер Мұхтар Аймахановтан Тоқтар Әубәкіровтың тағдырын қайталап қаламын, деп ойламайсыз ба деген сұрақ қойған едік.

Мұхтар Аймаханов , ғарышкерлікке үміткер:

-Ондай ой жоқ бізде. Себебі адам өмірге келгенде қайтыс болып кетемін, деп қорықпайды ғой. Бұл салаға келгеннен кейін тек жақсылық туралы ойлайсын, барлығы болады, деп ойлайсың, жаман ой болмайды. Сол себептен мен болашаққа сеніммен қараймын. Ғарышқа ұшып, ғарышкер атану үшін еңбектеніп жатқан Мұхтар Аймаханов және Айдын Аимбетов болашақта Қазақстан ғарыш саласы жақсы дамыған мемлекеттер қатарына қосылса, деп тілейтінін айтты.
XS
SM
MD
LG