“Егемен Қазақстан” басылымы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматыдағы резиденциясында НАТО – ның бас хатшысы Яаап де Хооп Схеферді қабылдағанын хабарлапты. Мақала авторының айтуынша, Қазақстан Республикасы мен НАТО - ның арасындағы келіссөздер 1992 жылдан басталған. Қазақстан 1994 жылы 27 мамырдағы қол қойылған құжатқа сәйкес НАТО ның “Бейбітшілік жолындағы серіктестік бағдарламасына қатысушы 19 шы мемлекет болып табылады.
Кездесуде ынтымақтастықты тереңдете түсудің мүмкіндіктері талқыланып, Ирактағы Қазақстан бітімгершілік жасақтары туралы да әңгіме қозғалған. НАТО - ның бас хатшысы Яаап де Хооп Схефер НАТО - ның Орталық Азия аймағында болуы, әсірісе лаңкестікке, контрабандалық қару мен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресудің ерекше маңызды екенін атап өткен.
“Литер” басылымының сәрсенбі күнгі санында Қазақстан мен НАТО - ның арасындағы қарым қатынасқа қатысты сарапшылар өз ойларын ортаға салыпты. “Репутация” атты коммуникативтік технология орталығының бас сарапшысы Николай Кузмин “НАТО мен қарым-қатынас Қазақстандағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал жасайды деп есептейді. Оның айтуынша, НАТО - ның бағдарламасы негізінде Қазақстанға әскери және ғылыми көмек көрсетіледі. Қазақстан қарулы күштерінің халықаралық әскери операцияларға қатысуына ықпал жасай алады. НАТО Қазақстанға үлкен қауіп төнген жағдайда көмек көрсете алатын бірден-бір мемлекет болып табылады” дейді Николай Кузмин.
Мәжіліс депутаты Владислав Косарев болса, НАТО - ның Қазақстанға әкелетін ешқандай да пайдасы жоқ деп санайды екен. “Мен НАТО ның көмегі тиген бірде-бір мемлекетті білмеймін. Америка әскері бұл жаққа кіргеннен кейін, олар осы жерде мәңгі тұрақтап қалады” дейді мәжіліс депутаты Владислав Косарев.
“Экспресс К” газеті сәрсенбілік санында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың НАТО- ның бас хатшысы Яаап де Хооп Схефермен кездескен кезінде, бұл ұйымның Ауғаныстандағы өз қызметін күшейтіп жатқандығына қолдау білдіргендігін хабарлапты. Газет тілшісінің хабарлауынша, НАТО ның бас хатшысы Яаап де Хооп Схефер Қазақстанның қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаевпен де кездескен. Кездесу барысында
Яаап де Хооп Схефер Қазақстанның бітімгершілік әскери жасақтарының Ауғаныстандағы және Ирактағы қызметіне жоғары баға берген және бұл қарым-қатынастың әрі қарай да жақсара беретіндігіне сенім білдірген. Қазақстанның қорғаныс министрі Алтынбек Сәрсенбаев болса, Қазақстанның тағы да бітімгершілік әскери жасақтарды Иракқа жіберудің жоспарда жоқ екендігін, алайда НАТО мен қарым-қатынасты жақсарту бағытында жұмыстардың жасала беретіндігін атап өткен.
Сонымен қатар сәрсенбі күні жарық көрген мерзімді басылымдарда мәжіліс спикері Жармахан Тұяқбайдың сайлау әділ өтпеді деп жасаған мәлімдемесіне де айрықша назар аударылыпты. Егер де оппозициялық бағытты ұстанатын басылымдарда мәжіліс спикерінің бұл қадамы үлкен батылдық ретінде бағаланса, ресми басылымдарда бұл оқиғаға басқаша баға беріліпті.
“Комсомольская правда газеті “Қазақстан” қосымшасының сәрсенбілік санында жарық көрген мақаласында Берік Мұқышев мәжіліс спикері Жармахан Тұяқбайдың бұл қадамды ізгілік, адалдық және әділеттілікті көздегеннен жасағандығына күдік келтіріпті. Мақала авторының айтуынша, мәжіліс спикері Жармахан Тұяқбайдың мұндай қадам жасауының артында өзіндік есебі жатыр. Мақала авторының болжамына сүйенсек, мәжіліс спикері Жармахан Тұяқбай Қазақстан президентінен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының қызметін сұраған. Алайда Нұрсұлтан Назарбаев бұл қызметті бермегендіктен мәжіліс спикері Жармахан Тұяқбай наразылық білдіріп, мәлімдеме жасап, билікке қыр көрсеткен.
“Айқын” газетінің сәрсенбілік санында осы оқиғаға орай қатарынан екі мақала жарық көріпті. “Тұяқбай кетсе де “Отан” қалады” атты Ораз Әлімбековтың мақаласында “Отан” партиясы саяси бюросының мүшесі Айдар Әлібаевтың мәлімдеме жасағандығы хабарланыпты. Мәлімдемеде мәжіліс спикері Жармахан Тұяқбайдың партиядан шығуы оның жеке амбициясынан туындады деген қорытынды жасалыныпты. Сондай-ақ аталмыш мәлімдемеде сайлау кезінде заң бұзушылықтар мен бұрмалаушылықтар болды деген сөздердің бәрі де бекер деген сөз айтылған.
“Отан” партиясының тағы бір белсенді мүшесі Александр Павлов болса, “Айқын” газетіне берген сұхбатында “Қазақстанда өткен сайлау барысында заң бұзушылықтардың болғандығын жоққа шығармапты. “Әр жерде таяз бастықтардың бюджеттен айлық алатын қызметкерлерге қысым жасап “Отанға” кіруге үгіттегенін мен жоққа шығармаймын. Сондықтан мен жалпы алғанда заңсыздықтар туралы әр түрлі деңгейде бірнеше айтқанымды жоққа шығармаймын” дейді Александр Павлов. Александр Павлов өз сөзінде мәжіліс спикері Жармахан Тұяқбайдың жалпы алғанда мемлекетшіл саясаткер екеніне және Конституцияның орындалуын қалайтынын, оның парасаттылығына сенетіндігін де тілге тиек етіпті.
“Известия басылымының “Қазақстан” қосымшасы “Отан” партиясы төрағасының орынбасары Амангелді Ермегияевтің мәжіліс спикері Жармахан Тұяқбайдың “сайлау жаппай заң бұзушылық негізінде өтті деген қорытындысымен келіспейтіндігін айтып баспасөз мәжілісін өткізгендігін хабарлапты.