Accessibility links

Еуропалық үш ел Иранға тың ұсыныс жасады


Франция, Британия және Германия ресми өкілдері бүгін Вена қаласында Иран өкілдерімен кездесіп, Иранның уран байыту қызметін тоқтату ұсыныстарын айтпақ. Мәселен, Иран уран байытуын тоқтатса үш еуропалық ел жеңілдетілген суда жұмыс істейтін ядролық реактор салып беруге көмектеспек. Халықаралық атом энергетика агенттігі 25-шы қарашаға дейін Иран уран байытуды тоқтатсын, әйтпесе шара қолдану мәселесі Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне шығарылады деп соңғы ескерту жасаған болатын. Иран ядролық қаруға ұмтылып отырған жоқпыз деп айтады. Америка Құрама Штаттары бейбіт мақсатқа да, әскери мақсатқа да жарайтын уран байыту қызметі тоқтатылсын деп Біріккен Ұлттар Ұйымы арқылы шара қарастырмақ. Бұл жөнінде АҚШ сыртқы істер министрлігінің өкілі Ричард Баучер кеше тағы мәлімдеме жасады.
XS
SM
MD
LG