Accessibility links

Ауғанстанда белгілі қолбасшы қаза тапты


Ауғанстанның Бадахшан провинциясында кеше жергілікті қолбасшы Аслам және оның 4 адамы оққа ұшырап қаза болғаны анықталды. Полиция оқиға себебін айта алмай отыр. Асламның адамдарының сыртында Серғамеро ауылында кеше тағы 4 адам оқтан қаза тапты. Кеше сондай ақ Пәкістан маңындағы Пактика провинциясында жолға қойылған бомба жарылып, үш американдық сарбаз және ауғандық тілмаш жараланды, АҚШ әскери өкілі айтқандай. Герат қаласының маңында кеше американдық тікұшақ "техникалық себептерден" қулап, екі американдық сарбаз жарақат алды.
XS
SM
MD
LG