Астана Бағдадтың орталығында Австралиялық әскерлерге қарсы шабуыл болып, бұл бомбалық жарылыста сол маңда болған үш адам құрбан болып, үш жауынгер жарақат алды.
Елдің солтүстігіндегі Мосул қаласында мәшинедегі бомбалық жарылыстан осындағы жергілікті рубасы және оның екі үзеңгілес серігі құрбан болды.
Ирақтың батысындағы Рамади қаласында көтерілісшілер мен Американ әскерлері арасындағы атыста кемінде үш адам мерт болды.
Бұл екі арада, Австрия астанасы Венада Халықаралық Атомдық Энергия Агенттігі Ирақта 380 тонна жарылғыш заттың жоғалғаны туралы мәліметті растады.
Ирақтан бүгін де бомба жарылыстары мен атыстардағы адам шығыны туралы хабарлар келіп жатыр
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Мұстафа Шоқайдың өз үні. Азаттық радиосы елге жеткізген бір мұра
-
"Жаншипа" подкасы
Ашаршылық, соғыс, кәмпескелеу қазақ психикасына қалай әсер етті?
AzattyqTV