Дауыс беру қағаздарының 94 проценті саналып біткендегі жағдайға қарағанда, дауыс берушілердің 55 проценті Хамид Карзайды қолдап шыққан. Оның негізгі бақталасы бұрынғы Білім Беру Министрі Юнус Қануни жексенбі күні өз жеңілісін мойындады.
Алайда, Қанунидің баспасөз уәкілі қазанның 9ы күнгі сайлау барысында болған заңсыздықтар туралы шағымдарының әлі де тексерілуін қалайтындығын атап өтті.
Ауған Сайлау комисиясының ресми өкілдері дауыс беру қағаздары толық саналып бітіп, заңсыздықтар туралы шағымдар халықаралық комисия тарапынан өз бағасын алғанға дейін сайлаудың ресми нәтижелері жарияланбайтындығын мәлімдеді.
Ауғаныстанның уақытша жетекшісі Хамид Карзай алғашқы демократиялық Ауған Президенттік сайлауларында жеңіске жеткен тәрізді
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азиядан барғандар
Ресей түрмедегі мигранттарды Украинадағы соғысқа мәжбүрлеп жіберіп жатыр
-
Сайлау және референдум
Молдова президенті кім болатыны екінші турда анықталады
-
Азаттық толқынында
Қоғамдық қозғалыстарды құптаған Жәнібековтің идеясы өзгерді ме?