Америка Құрама Штаттары Ирақта 342 тонна жарылғыш заттың із-түссіз жоғалуын тергейтінін мәлімдеп отыр. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Адам Эрели Саддам Хусеиннің режимі құлағаннан кейінгі Ирақта қару-жарақ қоймаларын қорғауға бағытталған АҚШ-тың іс-қимылын қорғауға тырысып, бірақ Ирақтағы барлық қару-жарақ қоймаларын түгел күзету АҚШ күштері үшін мүмкін болмады деп мәлімдеді. Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік – МАГАТЭ - ядролық қаруды іске қосатын детонатор жасауға немесе ұшақтар мен ғимараттарды жаруға болатын жарылғыш заттардың Ирақта із-түссіз жоғалғанын БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне ресми түрден хабарлады.