Accessibility links

Ирақтың уақытша премьер-министрі Ияд Аллауи елдегі коалициялық күштерді қарусыз Ирақ жауынгерлерінің қауіпсіздігіне немқұрайды қарады деп айыпт


Ирақтың уақытша премьер-министрі Ияд Аллауи елдегі коалициялық күштерді қарусыз Ирақ жауынгерлерінің қауіпсіздігіне немқұрайды қарады деп айыптады. Соның салдарынан сенбі күні 49 жауынгер экстремистердің қолынан мерт болды. Қарусыз жауынгерлер коалициялық күштердің Бағдадтан солтүстікке қарай орналасқан жаттығу орталығынан келе жатқан жолда белгілі эксремист Әбу Мұсаб Әз-Зарқауи бастаған топтың тасадан жасаған шабуылына тап болды. Ирақтың уақытша ішкі істер министрі Фалаһ Накиб террористік қастандықтардың салдарынан соңғы 4 айда 560-тан аса адамның қаза болғанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG