Accessibility links

Израиль парламенті - Кнессет – кеше кешкісін Газа аймағынан және Иордан өзенінің Батыс жағалауының бір бөлігінен еврей қоныстарын көшіру жоспарын көпшілік дауыспен қолдады


Газа аймағынан еврей қоныстары мен Израиль армиясын шығару жоспарын Израиль парламенті – Кнесетте қолдап дауыс беруінің артынша премьер-министр Ариэль Шарон өзінің бір министрін қызметтен алып, басқа 4 министр лауазымдарынан кетеміз деп қорқытты. А.Шаронның 8 мыңға жуық еврей тұрғыны мен армияны келесі жылы Газа аймағынан шығару жоспарын Кнессет депутаттарының 65-сі қолдап дауыс берсе, 45-і қарсы шығып, 7-еуі қалыс қалды. Дауыс беруден соң премьер-министр қарсы дауыс берген министрді үкіметтен қуды.
XS
SM
MD
LG