Accessibility links

Газа секторынан еврей қоныстары кері көшірілмек


Газа секторынан еврей қоныстарын кері көшіріп алу жөнінде референдум өткізсе дұрыс болар еді деген ұсынысты Израил бас министрі Ариел Шарон бүгін қабылдамады. Шаронның жоспары бойынша Газа секторынан 8 мыңға жуық барлық еврей қоныстандырушылары келесі жылы қайтарылмақ, оларды қорғайтын Израил әскері де кері шығарылмақ. Шаронның жоспарын кеше Израил парламенті көпшілік дауыспен қабылдады. Қаржы министрі Бенжамин Нетанияху бастаған төрт министр бұл мәселені бүкіл ел болып шешкен жөн, мәселе екі апта ішінде ұлттық референдумға қойылмаса қызметтен кетіміз деген.
XS
SM
MD
LG