Accessibility links

Абхазия президенттік сайлауында берілген дауыстар қайта саналып жатыр


Абхазия жоғары соты 3-ші қазан күні президенттік сайлауда берілген дауыстар қайта саналсын деп бұйырды. Сайлау әділ өтпеді деген дау-дамай бір апта тергеліп, кеше кешкісін осындай үкім шығаралды. Қайта дауыс санау үш адамнан жасақталған комиссияның бақылауымен бүгін басталып кетті. Ал бұдан бұрын орталық сайлау комиссиясы оппозициялық кандидат Сергей Багапш 50 пайыздан астам дауыс жинады, жеңіске жетті деп жариялап қойған болатын. Үкімет жағындағы кандидат, бұрынғы министр Рауль Хаджимба сайлау әділ өткен жоқ, сайлауды қайта өткізу керек деп шағымданған. Абхазия Грузиямен 1990-шы жылдардың басында соғысып, іс жүзінде тәуелсіздікке қол жеткізген ел.
XS
SM
MD
LG