Accessibility links

Еуропа Одағы Украина президенттік сайлау науқанын сынады


Украинада өтіп жатқан президенттік сайлау науқаны халықаралық демократиялық талаптарды бұзып жатыр, деп мәлімдеді бүгін Еуропа Одағының бақылаушылары. Украина президенті 31-шы қазанда сайланбақ. Президент Леонид Кучма қызметінен кетеді, үкімет оның мұрагері ретінде бас министр Виктор Януковичты алға шығарып отыр. Украина сапарында жүрген Ресей президенті Владимир Путин ресейшіл бағытты ұстанатын бас министр Виктор Януковичтың экономикалық қызметін мақтады. Еуропа Одағының бақылаушылары Украина оппозициялық баспасөзіне кедергі жасалып жатыр, бейүкіметтік ұйымдарға қысым жасалып жатыр деп сипаттады. Мұндай пікірді бүгін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының да өкілдері жариялады.
XS
SM
MD
LG