Accessibility links

К.Аннан Израиль премьер-министрі А.Шаронды оның Газа аймағынан және Батыс жағалаудың бір бөлігінен еврей қоныстары мен Израиль армиясын шығару жоспарын парламентте мақұлдануымен құттықтады


БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан Израиль премьер-министрі Ариэль Шаронды оның Газа аймағынан және Батыс жағалаудың бір бөлігінен еврей қоныстары мен Израиль армиясын шығару жоспарын парламентте мақұлдануымен құттықтады. К.Аннанның өкілі Фред Экхард Шаронға: еврей қоныстарын шығару - БҰҰ-ы, АҚШ, ЕуроОдақ және Ресей бірлесіп қабылдаған “Жол картасы” жоспары негізіндегі бейбіт келіссөзді қайта жалғастыру мүмкіндігін туғызатынына Бас хатшының үміт артатынын жеткізді.
XS
SM
MD
LG