Accessibility links

Ирақта американдық сарбаз қаза тапты


Бағдадтың Рашид ауданында бүгін машинаға қойылған бомба жарылып, күзетте тұрған американдық сарбаз қаза тапты және кемінде бір ирақтық бейбіт тұрғын қаза тапты. Фәллуджа қаласында американдық ұшақтар "Әл қаида" серіктесі Абұ Мұсаб Әл-Зарқауидің адамдары пайдаланып отыр деп күдіктелетін базаға соққы беріп, оны қиратты. Кемінде екі адам қаза тапты. Мұның сыртындағы жаңалық - өзін "Әл Ислам Әскери Брагадасы" деп атайтын топ әскери қоймадан жоғалған аса көп жарылғыш заттар бар қолымызда деп мәлімет таратты бейнетаспа арқылы. Мәліметті бейтарап бұлақтардан растау мүмкін емес. Халықаралық атом энергетика агенттігің мәліметіне қарағанда, Бағдадтың оңтүстік тұсындағы Әл-Қаққаа қоймасынан 377 тонна жарылғыш зат жоғалған болатын.
XS
SM
MD
LG