Польша үкіметі адамұрлаушылардың бопсалауына көнбейміз, Ирақтан әскерімізді шығармаймыз деп мәлімдеді.
Ирақ экстремистері Польша азаматшасын кепілдікке алғандары бүгін белгілі болды. "Әл Жазира" телекомпаниясы жариялаған бейнетаспада ол әйелдің дауысы естілмеді, дегенмен "Әл Жазира" телекомпаниясы бұл әйел Польша әскері Ирақтан кетсін, және АҚШ және Ирақ үкімет орындары Абу Ғрайып түрмесінен барлық әйел тұтқындарды шығарсын деп сұрайды деді. "Абу Бақр Әл-Сыдық Әл Салафия" деп өзін атайтын бұрын белгісіз топ бұл әйел Ирақтағы АҚШ әскерінде қызмет етеді деді. Польша Ирақта 15 мемлекеттің 6 мыңдай сарбазын басқарады, олардың арасында 2400 дей Польша сарбазы бар.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Кино әлемі
Ойлануға шақыратын қазақша үш фильм
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?