Accessibility links

Aрафатты иорданиялық дәрігерлер емдей бастады


Палестина президенті Ясир Арафаттың Рамаллахтағы үйіне Иордания дәрігері Ашраф Курди бастаған медициналық топ келіп, емдеу шараларын жүргізіп жатыр. Арафаттың аға кеңесшісі Нәбіл Абу Рдейнех осыдан бірнеше сағат бұрын журналистерге мәлімет айтқанда, Арафаттың денсаулығы бір қалыпты, бірақ оған әлі де болса тынығу керек және емделу керек деді. Енді бірнеше сағаттан соң дәрігерлер анықтайды, Ясир Арафат Рамаллахтың Әл Мұқата ауданындағы үйінде қала бере ме, жоқ әлде ауруханаға жөнелтілі ме, - деді аға кеңесшісі Нәбіл Абу Рдейнех.

75-жасар Ясир Арафат екі апта тұмаулатып жатып қалған. Израил бас министрі Ариель Шарон Палестина бас министрі Ахмед Кюреймен сөйлесіп, Ясир Арафатты шетелге емдетуге шығарса болады деп келісті.
XS
SM
MD
LG