Accessibility links

“Қазақстан - менің үйім” атты балалар суреттерінің республикалық бәйгесі мәреге жетті


Жұма күні Алматыда Қазақстан бейнелеу өнерінің көрнекті өкілі, суретші Әбілхан Қастеевтің туғанына 100 жыл толуына орай “Қазақстан - менің үйім” атты балалар мен жасөспірімдер суреттерінің республикалық бәйгесі мәреге жетті. Республикадағы барлық көркем-сурет мектептерінің 10 – 15 жас аралығындағы оқушы-суретшілері қатысқан бұл бәйгеге 200-ден аса жұмыс қатысып, соның 13-і жеңімпаз атанды.

Соңғы уақытта Қазастанның бейнелеу өнеріндегі жас буын, жаңа ұрпақтың қолтаңбасы байқалмай кетті дейді Қазақстан бейнелеу өнерінің көрнекті өкілі, суретші Әбілхан Қастеевтің туғанына 100 жыл толуына орай “Қазақстан - менің үйім” атты балалар мен жасөспірімдер суреттерінің республикалық бәйгесін ұйымдастырушылар. Себебі, басқа өнер саласындай емес, қазір бейнелеу өнеріне деген көзқарас та өз деңгейінде болмауы бұған әсерін тигізіп отыр дейді олар. Сондықтан да бұл шараға “ҚазТрнсГаз” акционерлік қоғамы демеушілік жасағандықтан оны өткізуді өз міндетімізге алдық дейді республикалық Ә.Қастеев атындағы көркемсурет мектебінің басшылығы. Ал осы байқауға Шымкент қаласынан қатысып, өзінің алғашқы жеңісін бізбен бөліскен Айнұр Үсенқызы болашақта Әбілхан атасы секілді үлкен суретші болғысы келетіндігін жеткізді.

Сондай-ақ Ақтөбе қаласынан келіп, жеңімпаз атанған Әйгерім Оразғалиева көптеген әріптестерінен тәжірибе де алмасқанын айтады.

Ал байқаудың әділқазылар алқасының мүшесі, суретші Армат Бектасов дәл қазіргі бейнелеу өнеріне деген қағажу көзқараста бұл шара жас буын суретшілердің қаламын ұштайтындығын айтады. Дегенмен Шымкент көркемсурет мектебінің директоры Қуаныш Маликов бұл ретте әлі де ұстаздардың атқарар ісі көп екенін айтады.

Сөйтіп бұл байқау болашақта дәстүрге айналады дейді шараны ұйымдастырушылар.
XS
SM
MD
LG