Рим қаласында бүгін Еуропа Одағының жаңа конституциясына қол қойылды. Маусым айында мақұлданған конституция – Еуропа Одағының президенті мен сыртқы істер министріне ұзақ мерзімді өкілеттік беріп отыр, қылмыс пен заңсыз миграцияға қарсы күрес мүмкіншіліктерін кеңейтеді. Енді әр одақтас мемлекет конституцияны мақұлдау керек, сегіз мемлекетте ұлттық референдум өткізілмек. Конституция содан кейін ғана күшіне кіреді. Италия бас министрі Сильвио Берлускони конституцияны тез арада мақұлдауға шақырды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мәдениет алаңы
"Құтқарушы ақ адам". Орыс қалай қазақты құтқарушыға айналды?