Ресей бас прокуроры Владимир Устинов терроизмге қарсы күресті күшейту мақсатында есімдері белгілі террористердің туысқандарын кепілдікке алу шарасын ұсынды. Парламентте сөйлеген сөзінде ол шара террористермен келіссөз жүргізуге септігін тигізеді деді. Устинов Беслан қаласында 350-ден астам адамның өмірін қиған террорлық шабуылдың тергеуі жайында есеп берген еді. Ал Ресей Федералды қауіпсіздік қызметінің бастығы Николай Патрушев болса бүгін парламенттегі сөзінде Ресейде террорлық шабуылдары атқару үшін шетелде 80 шақты жанкешті дайындалғанын білеміз деді. Олардың кейбіреуін залалсыздандырдық, деді Патрушев басқа ешқандай егжей-тегжейлі мәлімет айтпасада.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Тіл және жазу мәселесі
Түркі елдері ортақ латын әліпбиін енгізбек, бірақ оған Қырғызстан әлі дайын емес. Неге?
-
Азаттық зерттеуі | 4-бөлім
Дубайдағы Қазақстан: әкімдер