Accessibility links

Франция астанасындағы дәрігерлер Палестина елбасы Ясер Арафаттың белгісіз ауруын тексеруге кіріскен


Палестина әкімшілігінің Франциядағы елшісі Лейла Шахидтың айтуынша, Арафат Париж маңайындағы ауруханаға жақсы кейіпте келген. Ол жерде қан және рак ауруларын емдейді. Шахид ханымның айтуынша, анық диагноз қойылғанша бір неше күн өтуі мүмкін.

Арафат соңғы екі аптада тұмауратқан. Бірақ оған қосымша өзге де ауру бар сықылды. Сондықтан Франциядағы ең күшті емханалардың бірі Кламарттағы Персиде емделгенін дұрыс деп таптық, - дейді елші.

75 жастағы Арафатты Израиль күштері 3 жылдан бері Рамалладағы кеңседе қоршауда ұстап келеді.
XS
SM
MD
LG