Accessibility links

Иран парламенті байытылған уран өндірісі бойынша ізденістерді қайта жалғастыру туралы заң жобасын негізінен мақұлдады


Иран парламенті байытылған уран өндірісі бойынша ізденістерді қайта жалғастыру туралы заң жобасын негізінен мақұлдады. Парламенттің халықаралық қатынастар жөніндегі комитетінің жетекшісі Алаиддин Броугерди, парламенттің осы шешіміне байланысты Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық ізденістерін дамытуға құқысы бар деп атап көрсетті. АҚШ пен Еуропаның жетекші елдері Теһранды ядролық қару жасауға мүмкіндік беретін ондай бағдарламасынан бас тартуға шақырды. Ұлы Британия, Германия және Франция Иранға ол бағдарламасының орнына ядролық бейбіт технологиясын ұсынды.
XS
SM
MD
LG