Украинадағы кезекті президент сайлауы барысында, Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, 37 млн. сайлаушының 50 пайыздан астамы қатысып үлгерді. Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 8-де аяқталады. Бақылаушылардың басым көпшілігі заңсыздықтардың ең жиі кездесетіні ретінде – дауыс беру бюллетеньдер саны мен сайлаушылар санының сәйкес келмеуін нұсқап көрсетіп отыр. Негізгі 2 үміткердің бірі - Ющенконың жақтастары жергілікті сайлау комиссияларының құрамынан оппозиция өкілдерін шығарып тастауын түзетуді талап етуде. Оған қоса тағы бір хабарға қарағанда, Одесса қаласында милиция В.Ющенконың өкілін соққыға жыққан.