Accessibility links

Арафаттың ауыруы сәрсенбіде анықталады


Палестина президенті Ясир Арафаттың кеңесшілері Арафаттың денсаулығы бір қалыпты, оның ауыруы емге келетін көрінеді деп жариялады. Арафатқа Франция президенті Жак Ширак телефондады, көңілін сұрады, - дейді Палестина өкілдері. 75-жасар Ясир Арафат Рамаллахтағы үйінен Париж әскери ауруханасына жұма күні ауыр халде жеткізілген болатын, кеше тағы бірнеше тексеруден өтті. Ясир Арафат лейкемия ауруына тап болды деген жорамал расталмады, дейді Арафаттың кеңесшілері, бірақ дәрігерлерден мұндай мәлімет түскен жоқ. Израил бас министрі Ариель Шарон мәлімдеме жасап, Ясир Арафат өліп қалса оны Иерусалим қаласында жерлеуге рұқсат берілмейді деді. Арафаттың денсаулығы түзелсе, Батыс жағалауға оралуына болады, -деді Израил бас министрі.
XS
SM
MD
LG