Украина орталық сайлау комиссиясы кеше болған президент сайлауының жеке қортындысын жариялады, бас министр Виктор Янукович алда келе жатқаны анықталды. Украина орталық сайлау комиссиясы 22 сайлау аймағындағы қортындылар Виктор Янукович шамамен 48 пайыз жинап отырғанын көрсетті деді. Батысшыл оппозициялық жетекші Виктор Ющенко шамамен 33 пайыз жинап отыр. Егерде не Янукович, не Ющенко 50 ден астам пайыз жинамаса олар үш аптадан кейін қайтадан сайлауға түседі. Бақылаушылар Украинада бұрмалаушылық көп болғанын айтып отыр. Дауыс беруге сайлаушылардың шамамен 76 пайызы қатысты.