Бағдадта кеше саудиялық компания кеңсесіне шабуыл жасалды. Қарулы азаматтар бір американдықты, бір непалдықты және төрт ирақтық сақшыны кепілдікке алып кетті. Атыс барысында бір шабуылшы және бір ирақтық сақшы қаза тапты. Кеше сол сияқты Бағдад қаласы әкімінің орынбасары Хатам Кәрім жол үстінде өлтірілді. "Ансар Әл Сунна Әскері" деген топ әкім орынбасарын АҚШ бастаған бірлестікпен жұмыс істегені үшін өлтірдік деді. АҚШ әскері кеше Рамади және Фаллуджа қалаларының маңында көтерілісшілермен соғысты. Рамади шайқастарында үш адам қаза тапты, олардың ішінде Рейтерс агенттігіне қызмет етіп жүрген ирақ азаматы бар. АҚШ әскері Фаллуджадағы нысаналарды күндіз зеңбіректерден, кешке ұшақтардан атқылады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты