Accessibility links

Америка азаматтары бүгін кезекті президент сайлауында дауыс бере бастады, дауыс беру орталықтары - Нью-Йорк, Нью-Джерси және Коннектикут сияқты бірнеше штатта ашылды


Америка азаматтары бүгін кезекті президент сайлауында дауыс бере бастады. Дауыс беру орталықтары Нью-Йорк, Нью-Джерси және Коннектикут сияқты бірнеше штатта ашылды. Соңғы қоғамдық сауалнама қорытындылары көрсетіп отырғандай, Республикалық партияның екінші президенттік мерзімге ұсынылған үміткері әрі қазіргі президент Дж.Буш пен сенатор-демократ үміткер Джон Керридің жеңіске жету мүмкіндіктері бірдей. Кешегі үгіт-насихат науқанының Айова штатында өткізген соңғы күнінде Дж.Буш: "АҚШ президентінің ең басты міндеті – Америка халқын қорғау... Егер АҚШ халқы осындай құбылмалы кезеңде өзінің дәрменсіздігін немесе өз күшіне онша сенбейтіндігін аңғартып, алса, онда әлем трагедияға қарай құлдырайды”, – деп мәлімдеді. Бүгін президентпен бірге АҚШ азаматтары Конгрестің өкілдер палатасының 435 депутаты мен Сенаттың 34 мүшесін және 11 штаттың губернаторын сайлауға тиіс.
XS
SM
MD
LG