Ирақ астанасындағы білім министрлігінің жанында жанкешті-лаңкестің бомба қойылған автокөлігімен жүзеге асырған жарылысынан, ішкі істер министрлігінің соңғы мәліметі бойынша, кем дегенде 8 кісі қаза болып, 29 адам жараланды. Онымен қарама-қатар көтерілісшілер күтпеген жерден елдің солтүстігіндегі үш мұнай құбырына шабуыл жасады. Бірінші шабуыл Киркук қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 65 шақырым жердегі мұнай құбырына, қалған екі шабуыл – Киркуктан солтүстік-батысқа қарай орналасқан Қошқайа аймағында болды. Мұнай құбырларының барлығымен де Түркияға мұнай тасымалданатын.