Accessibility links

Американдықтар кеше сейсенбіде өздерінің келесі президентін таңдау үшін кезекте тұрып дауыс берді


Алғашқы нәтижелерге қарағанда, Дж. Буш Индиана, Кентаки, Джорджия, Оклахома және Солтүстік Каролина штаттарында жеңіске жеткен. Ал сенатор Керри 8 штатта және Вашингтон ДиСиде табысты болған.

Сарапшылардың болжамына қарағанда, 120 млндай сайлаушы дауыс беруге қатысуы шамаланған. Ал 4 жыл бұрыңғы президенттік сайлауда 106 млн адам қатысқан болатын.

Президент Буштың Техсастан тұрып тілшілерге айтуынша, сайлау нәтижесі 2000-жылдағыдай 5 аптаға кешіге қоймас. Ол кезде Буш жалпы дауыс бойынша Ал Горға ұтқызып, бірақ сайлаушылар кеңесінің есебі бойынша жеңіске жеткен болатын. Ал Флорида штатындағы дауысты қайта санау шарасын АҚШ Жоғарығы сотының шешімімен тоқтатылған еді.

-Меніңше жеңіс мен жақта. Мен енді мемлекетті одан әрі басқара беретін боламын. Халықтың басын қосып, күн тәртібіндегі Американың қауіпсіздігін нығайтып, елді өркендеу жолында алға бастыра беремін, - деген Дж. Буш.

Сенатор Керри өз отаны Массачусетсте дауыс беріп тілшілерге бұл науқанның Ақ үйде өзгерістер әкелетіндігін білдірген.

- Бұл сайлау науқаны 2001-жылдан кейінгі керемет саяхат болды . Американ халқы бізге есіктерінде, жүректерін де ашып қабылдады. Міне енді ол науқан соңына жетіп, халық өз шешімін айтатын болады, -деген Керри
XS
SM
MD
LG