Ирақтағы жаугер топ Ирақтың қарулы күштерінің жоғары лауазымды өкілін дарға асқанын мәлімдеп, оның бейнесюжетін Интернеттегі сайтынан көрсетті. “Әл Ансар Әс-Сунна Армиясы” деп аталатын топтың мәлімдеуінше, Хусеин Шунан АҚШ армиясының көтерілісшілерге қарсы Мосул қаласындағы соғыс қимылдарына атсалысқан көрінеді. Ливан компаниясының Бағдадтағы кеңсесінде АҚШ-қа жұмыс істеген ливан азаматы ұрлап әкетілді. Бүгін, сондай-ақ, белгісіз қаскүнемдер Ирақтың мұнай өнеркәсәібі министрлігінің жоғары лауазымды өкілін атып кетті. Ирақтың ішкі істер минисрлігінің өкілінің айтуынша, Хусеин Әли – үйінен қызметіне шыға берген жерінде оққа ұшқан. Оны өз үйінің маңайында атып кетті.