Accessibility links

Ирақтың уақытша премьер-министрі Айад Аллауи АҚШ-тағы президент сайлауының нәтижесі Ирақтағы АҚШ бастаған коалицияның атқарған ісіне еш әсер етпейді деп үміттенеді


Ирақтың уақытша премьер-министрі Айад Аллауи атап көрсеткендей, ол АҚШ-тағы президент сайлауының нәтижесі Ирақтағы АҚШ бастаған коалицияның атқарған ісіне еш әсер етпейді деп үміттенеді. Италияның Repubblica daily газетінің бүгін шыққан санындағы сұхбатында Айад Аллауи: “АҚШ-тағы сайлауда кім жеңіске жетпессін, ол Ирақтың досы!” -деп мәлімдеді. Оның пікірінше, АҚШ Ирақта азат етті, сол ісі үшін Ирақ дән риза. Айад Аллауи Италияға осы аптада сапарға барады деп жоспарланып отыр.
XS
SM
MD
LG