: Қазақстан парламенті Мәжілісінің таяуда сайланған жаңа шақырылымы бүгін билік басындағы президенттік “Отан” партиясы өкілдерінен өз спикерін сайлады. Депутаттардың 9-ы қалыс қалып, 65 қолдаған Орал Мұхамеджанов Мәжілістің жаңа төрағасы болып сайланды. Одан 1 күн бұрын оппозициялық “Ақ жол” партиясынан сайланған жалғыз өкіл Әлихан Байменов: “Ресми билік парламент сайлауында оның нәтижесін жаппай бұрмалау арқылы жеңіске жетті”, -деп мәлімдеп, депутаттық мандатынан бас тартты. Оның алдында сайлауда президенттік “Отан” партиясының тізімі бойынша парламентке бірінші болып өткен әрі партия төрағасының орынбасары болған Ж.Тұяқбай да сайлау жаппай бұрмаланды деп мәлімдеп, депутаттық мандаттан да, партиялық лауазымынан да бас тартқан болатын.
Қазақстан парламенті Мәжілісінің таяуда сайланған жаңа шақырылымы бүгін билік басындағы президенттік “Отан” партиясы өкілдерінен өз спикерін сайлады
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Аида Балаева және аккредитация
Министрлікті сотқа берген журналистердің уәжі қандай?