Accessibility links

Хамид Қарзай – Ауғанстандағы 9 қазанда болып өткен президент сайлауының жеңімпазы болды


Ауғанстанның уақытша президенті Хамид Қарзай - өткен айда болып өткен президент сайлаудың жеңімпазы болды. Дауыс беру барысында болған заңсыздықтардың сайлау нәтижесіне ықпал ете алмағаны туралы қорытынды шығарған арнайы тәуелсіз комиссия бүгін осылай деп хабарлады. БҰҰ-ы мен Ауғанстанның бірлескен сайлау басқармасының төрағасы Шах Заким бүгін Кабулда өткен салтанатты рәсімде Хамид Қарзайды жеңімпаз деп жариялады. Тәуелсіз халықаралық комиссияның канадалық мүшесі Крэйг Дженнис осыған байланысты: “Ауғанстанда 2004 жылғы президент сайлауы айтарлықтай бірқалыпты әрі қауіпсіз жағдайда және халықтың асқан белсенділігімен, сондай-ақ әйелдердің көп қатысуымен өтті”, -деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG