Германияның Бавар жерінің орталығы Мюнхен қаласында Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды. Оған Қазақстан Республикасының Құрметті консулы болып «Креммель тобы» бірлескен компаниясының жетекшісі Райнхольд Креммель мырза тағайындалды. Консулдықтың ашылу салтанадында Бавария Үкіметі кеңсесінің басшысы, мемлекеттік министр Эрвин Хубер Баварияның Қазақстанмен тікелей байланыс орнатуға мүдделі екенін айтқан.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хатшысы Мұхтар Кәрібайдың айтуынша, Мюнхен қаласында ашылған Құрметті консулдықтың тұсаукесер рәсіміне қатысқан Бавария Үкіметі кеңсесінің басшысы Эрвин Хубер Қазақстанның сенімді әріптес екендігін атап өтсе, жаңадан қызметке тағайындалған Райнхольд Креммель Қазақстанмен екі арадағы саяси-экономикалық мәселені өрістетуге кедергі келтіріп отырған жайға тоқталған көрінеді. Ол – Еуропа елдеріне Қазақстан жөніндегі шынайы ақпараттардың жоқтығы,-деп атап көрсетіп, бұл олқылықты болдырмау мақсатында жұмыс жасауға уәде еткен. Қазақстанның Германиядағы елшілігінің кеңесшісі Гүлнар Бейсееваның айтуынша, Бавариядағы құрметті консул Райнхольд Креммел Германияның азаматы. Мюнхендегі беделді кәсіпкерлердің бірі екен.Мұхтар Кәрібай бұл консулдықты ашудағы ойдың негізгі екі мақсатты көздейтіндігін айтады. Қазақстанда тұрып Мюнхенге көшіп кеткен немістердің жағдайына қарасу және кезінде тағдыр тәлкегіне ұшырап сонда тұрақтап қалған қазақтардың дәстүр салтын, тілін үйренуіне қол ұшын беру.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бас маманы Ботакөз Уатқанның айтуынша, бүгінгі күні Мюнхенде 200 дей отбасы тұрады екен. Онда қазақ диаспорасы орталығы жұмыс істейді. Орталықты Өмірхан Алтын есімді мюнхендік азамат басқарады. Ең өзекті мәселе жастарды қазақ тілін білуге үйрету болыр отыр.
«Германияда тұратын, соның ішінде Мюнхенде өмір сүріп жатқан қазақтарға мәдени-рухани қолдауға зәру. Елшілік осы мәселеге көбіре көңіл бөле бастады. Алайда, үлкен қиындық тудырып отырған бір жайт олардың кирил әрпін танымауы. Біз қанша кітап әкелсек те олардың оқуға сауаты жетпейді. Қазақстан латын қарпіне тезірек көшсе екен деп тілейді»,.- дейді Гүлнар Бейсеева.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мұхтар Кәрібай консулдықтың ашылу салтанатына қатысқан Қазақстанның Германия Федеративтік Республикасындағы елшісі Қайрат Сарыбайдың бірқатар кездесулер өткізгендігін айтады.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі консулдық департаментінің директоры Уәлихан Қоңырбаевтың айтуынша, құрметті консулдықтың ашылуы Қазақстанмен Бавария арасында тікелей экономикалық, мәдени қатынастардың дамуына ықпал етпек.