Ирақтың ішкі істер министрлігі өкілінің хабарлауыншае, Бағдадтан 50 шақырым қашықтықтағы Искандирия қаласында Ұлттық ұланның патруліне бомба қойылған автокөлікпен соққы берілді. Одан 3 адам опат болып, 15 кісі, оның ішінде Ұлттық ұланның 4 сарбазы жараланды. Бүгін АҚШ авиациясы Әл-Фалуджа қаласына тағы да әуеден соққы беріп, жергілікті дәрігерлердің хабарлауынша, одан 5 кісі, оның ішінде бір ана мен сәбиі қаза болды. АҚШ армиясы өкілдерінің мәлімдеуінше, әуе соққысы көтерілісшілер тұрғызған баррикадаларды нысанаға алған.