Париж түбіндегі ауруханада емделіп жатқан Палестина лидері Ясир Арафаттың денсаулығы тағы да нашарлай түсті. Аты-жөнін атамаған палестиндік ресми өкілдің “Рейтер” агенттігіне берген хабарлана қарағанда, 75 жастағы Арафат есінен танып жатыр. Палестиндік басқа өкілдер қарт лидердің тіпті бірнеше рет есінен танып қалғанын мәлімдеді. Иордан өзенінің Батыс жағалауында Арафаттың көмекшілері оның ес-түссіз жатқанын жоққа шығарды. Палестинаның сыртқы істер министрі Набиль Шаат журналистерге: “Ахуал бұрынғы қалпында, ештеіңе өзгерген жоқ. Оның ауыр халде жатыр, өйткені диагнозын біз білмейміз. Әйтсе де францұз дәрігерлері оны жақсы күтімге алды”, - деп мәлімдеді.
Париж түбіндегі ауруханада емделіп жатқан Палестина лидері Ясир Арафаттың денсаулығы тағы да нашарлай түсті
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Шәкерім, тарих және Жаңаөзен. Мұхтар Мағауин мұрасына тарихшы көзқарасы