Accessibility links

Көне түркілер қысқа да нұсқа әдіспен әлемдік деңгейдегі проблемалар мен сюжеттерді жеткізе білген


Қазақстан Республикасы суретшілері одағының және суретші-қолөнершілердің әлемдік одағының мүшесі Айжан Бекқұлова, өз шығармашылығына көне түркі өркениетінің дүниетанымы мен символдарын арқау етіп алғанын айтады. Суретші: “көне түркілер қарапайым таңбаларға үлкен мағына сиғыза білген” - дейді.

- Көне түркілер қысқа да нұсқа әдіспен әлемдік деңгейдегі проблемалар мен сюжеттерді жеткізе білген.

Айжан Бекқұлова Алматы қаласының іргесіндегі таңбалы деп аталатын жердегі қола дәуірінен қалған петроглифтер мен көне түркілердің руналар арқылы жазылған жазулар мен таңбаларды көптен зерттеп жүргенін айтады. Айжан Бекқұлова көне түркі өркениетін өзге ғаламшардан келген тіршілік иелері құрған деген ғылыми гипотезаны қолдаймын дейді. Оның айтуынша, көне түркілердің дүниетаымындағы басты кейіпкер күн басты құдай, өзге ғаламшардан өркениет пен мәдениет алып келген адамзат ұстаздарының бейнесі болып табылады.

- “Аспан ұстаздары” біздің құндылықтарымыз бен дүниетанымымызды қалыптастырып кеткен.

Суретшінің айтуынша, тастағы таңбалар мен бейнелер көне түркілердің кейінгі ұрпаққа қалдырып кеткен, маңызды жайларды хабарлайтын мұра болып табылады. Өйткені аңыз бойынша, таңбалар мен бейнелерді аңыз бойынша, өркениетін жоғалтуға айналған бір арал адамдары келешек ұрпаққа өз құндылықтарын жеткізу үшін ойлап тапқан екен.

- Аңыз бойынша сол адамдар, өз дәстүрін сақтау үшін осындай тіл ойлап тауып, ұрпақтарына қалдырып кеткен дейді.

Суретші Айжан Бекқұлова өз шығармаларын жасауда, қолөнердегі кестелеу, гобелен, киіз басу және тоқу техникаларын пайдаланады. Осындай тәсілдермен жасалған суреттерден өзге, Айжан Бекқұлова көне түркілердегі отбасы тыныштығының ұйтқысының кейпіндегі қуыршақтарды жасаумен айналысады. Бұлардың бәрі суретшінің айтуынша отбасы амандығының кепілі болуға арналған.

Ал көрменің неге “Бес ай” деп аталғанын Айжан Бекқұлова: “Ай мен үшін тылсым күштердің мекені болып табылады, ал 5 саны адамзаттың болмысы, өмірді білдіреді” - деп түсіндіреді.

- Ай тылсым күштер мекені, ал 5 саны адамзаттың, тіршіліктің белгісі болып табылады.

Суретші Мелдехан Қасымбек: “Айжан Бекқұлованың шығармаларында дүниетаным, ой балық, қой, жылқы секілді тіршілік иелері арқылы беріледі. Ал олардың бәрі қазақтың дүниетанымында маңызды орын алады” - дейді.

- Суретшілер арасында “өзі тіл”- деген ұғым бар. Менің ойымша Айжанның өзі тіл. өзі шығармаларында, қазақ халқының дүниетаным, болмысына сонымен қатар табиғатқа арқа сйейтін сияқты көрінеді маған.

Айжан Бекқұлова биыл Алматы облысындағы таңбалы тастарды зерттеп шыққан. Келесі жылы да суретші Қазақстандағы, қола дәуірінің және көне түркі мәдениеті заманының орындарын араламақ. Ал суретшінің Алматыдағы “Бес ай” деп аталатын көрмесі қарашаның 25-іне дейін жалғасады.
XS
SM
MD
LG