Accessibility links

Ирақ президенті Ғази Әл-Яуар Францияға сапар жасайтын болды


Бұл туралы бүгін Франция президенті Жак Ширак Еуропа Одағының саммитінде жариялады. Жак Ширак Ирақ сайлауы қаңтар айына белгіленген мерзімінде өткізілуге тиіс, Біріккен Ұлттар Ұйымының резолюциясы мұны нақты белгілеген деді. Белгіленген мерзімге бағынуымыз керек, сайлау науқанына Ирақ қоғамының барлық буыны қатыстырылуы керек, деді Жак Ширак. Бұдан соң Жак Ширак Абу Дабиге аттанды, онда сейсенбі күні қайтыс болған Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті Шейх Зайед Сұлтан Әл Нахаянның жерлеу рәсімі өтіп жатыр.
XS
SM
MD
LG