Accessibility links

Арафат өлім мен өмір арасында


Ясир Арафат франциялық ауруханада хал үстінде жатыр. Палестинаның Франциядағы елшісі Лейла Шахид бүгінгі сөзінде Ясир Арафат комада жатыр деп айтты. Ясир Арафат есінен ауып қалыпты, интенсивті терапия арқылы өлімнен құтқарылып жатыр деген мәліметтерді Лейла Шахид жоққа шығарды. Бірақ ол Арафат өлім мен өмір арасында деп сипаттады. Палестина ресми өкілдері болса Ясир Арафаттың кейбір өкілеттіктері бас министр Ахмед Кюрейге тапсырылды дейді. Ахмед Кюрей журналистерге берген сұхбатында Арафатты білікті мамандар қарап жатыр, Франция халқынан және Франция үкіметінен ол жеткілікті көмек алып жатыр, бірақ дәрігерлерден жаңа мәлімет жоқ деп айтты.
XS
SM
MD
LG