Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, 75 жастағы Ясир Арафаттың денсаулығын білуге Палестинаның премьер-министрі Ахмад Кураи мен сыртқы істер министрі Набиль Шаат баратын сияқты. Қарт лидердің жұбайы делегацияның күйеуіне баруына қарсы. Бүгін Әл-Джазира арнасына берген сұхбатында Саха Арафат ханым: “бұл сапардың мақсаты өзінің көзі тірі күйеуін “жерлеу”, -деп мәлімдеді. Францияның сыртқы істер министрі Мишель Барньенің кеше хабарлағанындай, Арафаттың денсаулығы “бірқалыпты мүшкіл күйде” көрінеді. Кеше Израиль үкіметі Арафатты оның өзі аманат еткендей – Иерусалимде емес, Газа аймағында жерлеуге барлығы сақадай сай деп мәлімдеді.